Әлеуметтік-экологиялық ең ірі акция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік-экологиялық ең ірі акция өтеді

11.07.2018

Бүгін Астанада Орта Азия мен Шығыс Еуропа елдеріне бағытталған халықаралық конференция басталды. Ондағы қаузалатын тақырып - тазалық мәдениеті мен тұрмыстық қалдықтарды орынды реттеу. Жиынға 200-ге жуық адам қатысты. Олар әртүрлі сала мен әртүрлі лауазым иелері. Шетелдіктер де бар. Олар экологиялық ахуалды оңалту, қоқыс-қалдықтарды реттеу сияқты аса өзекті мәселелерді талқылады. Тәжірибе мен пікір алмасты. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік тазалық күні» атты экологиялық-әлеуметтік акциясының дайындығын пысықтады.

Юлия Мархель, «Let`s do it! World» халықаралық ұйымының елшісі:

- «Дүниежүзілік тазалық күні» атты шара 15-ші қыркүйекте болады. Оған әлемнің 150 елі бір уақытта қатысады. Мұндай ауқымды шара бұған дейін болған емес. Сондықтан, осы  экологиялық-әлеуметтік акция ең ірі және бірінші акция болмақ. 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу