Дегенмен, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда біршама төмен. Бүгін Үкіметте алты айдың әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері қорытындыланды. Бұл тақырыпта Ұлттық экономика министрі баяндама жасады. Осылайша, жыл басынан бері инфляция 2,6 % құраған. Ұлттық қордағы активтер 1,5% артқан. Тау-кен өндірісі де 5,5% өскен. Бұған «Қашаған» кен орнындағы мұнай өндіру көлемінің артқаны сеп болған. Өсім көрсеткен салалардың ішінде ауыл шаруашылығы (4%), оның ішінде мал шаруашылығы 4,2% өсім көрсеткен. Ақсап тұрған өңірлерде жоқ емес. Мысалы, өндіріс саласында Батыс Қазақстан облысында - 1,4 пайыз , Түркістан облысында 3,9% пайыз, Қызылорда облысында - 4,7 пайыз кері көрсеткіш қалыптасқан.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Ағымдағы жылдың басынан бері 178,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың мамырында жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды. Еңбекақы қалыпты қарқынмен өсуде. Биылғы қаңтар-мамырда орташа айлық жалақы 152,8 мың тг. құрады және нақты мәнінде 0,8 процентке өсті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.