Астана күніне орай Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрлігі мен орыс-америкалық қор және «The Sonmar Group» америкалық компаниясы бірлесе отыра «АҚШ коллекцияларының ХІХ-ХХ ғасырдағы суретшілері» атты көрмесін ұйымдастырды.
Бұл экспозиция Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени байланыстың, шығармашылық ынтымақтың жалғасы. Мұхитттың арғы бетінен әкелінген туындылардың барлығы бір елдің емес, шартараптың шығармашылық әлеміне ортақ мұра. Арыстанбек Мұхамедиұлы шараны бастады, Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі игі тілекпен қостады.
Джордж Крол, Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі:
- Астана бұл – халықаралық, барлық ұлт өкілдерін біріктіретін қала. Мақсаты - бейбітшілік пен тұрақтылық. Бүгінгі мерейтой кезінде де осындай тамаша шара өтіп жатыр. Мен шын жүректен мерекемен құттықтаймын.
Көрмеге 19-20 ғасырдағы өнер тарихында үлкен рөл ойнаған әйгілі орыс суретшілерінің туындылары ұсынылған. Олардың арасында Илья Репин, Алексей Саврасов, Владимир Маковский сияқты танымал қылқалам шеберлерінің картиналалары бар.
Марина Ковалева, «The Sonmar Group» компаниясының негізін қалаушы:
- Осы көрме арқылы біз барлық қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтағымыз келеді. Біз үшін тап осы мерейтой күні көрмені салтанатты түрде ашу үлкен мәртебе.
Егер белгілі орыс суретшілерінің сирек ұсынылатын үздік туындыларын тамашалап, ғасырлар тоғысындағы кескіндеме мектебінің даму сатысын көргіңіз келсе, Ұлттық музейге асығыңыз. Көрме 3-ші қазанға дейін жалғасады.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.