Шымкентте шетел азаматтарының көші-қон құжаттамасын реттейтін қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте шетел азаматтарының көші-қон құжаттамасын реттейтін қызмет көрсету орталығы ашылды

28.06.2018

Енді шаһарға уақытша келген өзге елдің тұрғындары мекен жайға тіркелу, тіркеуден шығу жеке салық төлеу номері мен сақтандыру полисі сынды өзге де рұқсат қағаздарын бір жерден рәсімдей алады. Бұған дейін аймаққа жұмыс іздеп келген шетелдіктер   құжаттарын заңдастыру үшін бірнеше мекемені аралап, бір апта уақыт  сандалатын. Енді олар орталықтың көмегімен бұл жұмысты бір күннің ішінде бітіреді. Орталықта келушілерді медициналық тексерістен өткізетін арнайы бөлме жасақталған. Терапевт, окулист секілді бірнеше дәрігер жұмыс істейді. Сондай-ақ, шетелдіктер осы жерде бірден дактилоскопиялық сараптамадан өтеді. Азаматтың өзіне тән белгілері арнайы базаға енгізіледі. 

Мұрат Қабденов, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы: 

- Бұл үкіметтің тапсырмасы негізінде Ішкі істер министрлігінің қолға алған ауқымды жобасы. Оның аясында тап осындай алғашқы қызмет көрсету орталығы биыл жыл басында Астанада ашылған болатын. Айта кететін жәйт, орталық қызметін тек еңбек мигранттары ғана емес, Шымкентке өзге шаруамен келген шетел азаматтары да пайдалана алады. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу