«Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасы қорытындыланды

27.03.2015
«Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасы қорытындыланды

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Ең дарынды болашақ журналист» атты дәстүрлі пәндік олимпиада қорытындыланды.

Шараға еліміздегі 12 оқу орнының студенттері қатысты.

Бірінші кезеңде теориялық білімді тексеру мақсатында тест өткізілсе, екінші кезеңде қатысушылар «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік үнхабар»,  «Ең үздік фото», «Ең үздік онлайн жазба» аталымдары бойынша бақ сынады.

Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және өңірлер арасында Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері жеңіп алды. 

ІІ орында - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті.

ІІІ орынды Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті және Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің командасы иеленді. 

 

 

Хабарламаларға жазылу