«Киелі Түркістан» атты республикалық акция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Киелі Түркістан» атты республикалық акция өтті

25.06.2018

«Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде «Киелі Түркістан» атты республикалық акция өтті. Оның аясында тарихшылар мен зиялы қауым жастармен кездесіп, тарихи шаһар туралы кеңінен әңгімеледі. Жаңа облыс орталығының санғасырлық тарихы ашық аспан астында айтылды. Оқушылар мен студенттер мұражайдағы экспонаттарды тамашалап, Түркістанның киелі де, керемет жерлері туралы молынан ақпар алды. «Түркістанға арнау» деп айдар таққан шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Асхат Оралов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры:

- Осы мұражайда «Киелі Түркістан» деген лекция ұйымдастырудамыз. Мұның негізгі мақсаты - жастарға Түркістан туралы фактілерді, тарихын қысқаша айту.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу