Гүлшара Әбдіқалықова үздік мемлекеттік қызметшілерді марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова үздік мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

22.06.2018

Бүгін Астанада үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Республика бойынша жарияланған байқауда озық шыққан 20 қызметкер мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қолынан марапат алды. Биылғы байқау жұмысы ақпан айында басталған. Осы жылдағы ерекшелігі - бақтарын сынауға тек саяси қызметкерлер емес әкімшілік және құқық қорғау саласының мамандарының да қатысуына мүмкіндік берілді.

Тіпті, олардың қатарында аудан және ауылдық округтегі қызметшілер де бар. Соңғы кездері мемлекеттік қызмет саласына жүргізілген реформалар нәтижесінде сапалы кадрлардың қатары артқан. Олардың үстінен түсетін шағым азайып, есесіне еңбек өнімділігі артқан. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Бұл салада қазір 98 мыңға жуық қызметкер еңбек етуде. Олардың әрқайсысы ел Президентінің стратегиялық бағдарын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Халқымыздың соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ерен еңбегі мен жасампаз істері арқасында Қазақстан табысты, қуатты және беделді мемлекетке айналды. 

 Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу