«Елбасының 5 бастамасы» тақырыбына жарияланған байқау жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елбасының 5 бастамасы» тақырыбына жарияланған байқау жеңімпаздары анықталды

19.06.2018

Бүгін жүлдегерлер «Жас Отан» Жастар қанатында марапатталды. Қатысушыларға Президенттің наурызда жариялаған 5 бастамасы туралы видео түсіру тапсырмасы берілген еді. Олар тұрғын үй бағдарламасы, білім беру гранттары, салық мәселесі сынды тақырыптарда қысқа бейнероликтер дайындап, онымен әлеуметтік желілерде бөліскен болатын. Байқауға республиканың бүкіл аймағынан 30 шақты жұмыс қабылданып, оның үздік төртеуі іріктелді. Жеңімпаздар бейне, фотокамера сынды бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шараның басты мақсаты - қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бағдарламаларды халық арасында жетік түсіндіру.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу