«Ана» телехикаясы бойынша жарияланған байқаудың жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ана» телехикаясы бойынша жарияланған байқаудың жеңімпаздары анықталды

30.10.2017

Осы айда «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы эфирге түріктің «Ана» телехикаясын ұсынған болатын. Жаңа туындының басталуына орай көрермендер арасында байқау жарияланып, ұтысқа «Hisense Led TV» теледидары ұсынылды. Екінші орын – смартфон, үшінші орын – ас үйге арналған ет турағыш құрылғы.

Байқау шарты бойынша Instagram желісінде телехикая бөлімдері бойынша сауалдар жолданып, пікірлер қабылданды. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі көрермендер атсалысты.

Барлық сұраққа дұрыс әрі алғашқы болып жауап берген қатысушы – Әнел Байжанова (@anelyab). Жеңімпазға сыйлық алдағы уақытта «Таңшолпан» студиясында табысталатын болады. Кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталған жүлдегерлердің  (@aps___db, @zhazira_720) сыйлығы пошта арқылы жолданады. 

Байқауға атсалысқан барлық көрерменге алғысымызды білдіреміз. 

 

Хабарламаларға жазылу