Алматыда «Денсаулық аллеясы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Денсаулық аллеясы» ашылды

18.06.2018

Қалалық № 1 клиникалық ауруханасы маңындағы алаң - науқастарды операциядан кейінгі оңалту ісіне арналған. Спорттық-терапиялық құралдармен жабдықталған ашық кешенде травмотологиялық, нейро-инсульттық ауруларды емдеу шаралары жүргізіледі. Пациенттердің буын жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шарада барлық дәрігерге құрмет көрсетіліп, үздіктерге алғыс хаттар табысталды. 

Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы қалалық филиалының директоры:

- Жалпы, біздің денсаулық сақтау саласында ауруды емдеу бар да, ал, реабилитация, оңалдыру шаралары, оның функционалдық мүмкіндіктерін қалыпқа келтіру кішкене кешеуілдеп келе жатқан бағыттардың бірі. Міне, бүгінгі ашылып отырған аллея осы кешеуілдеген бағытты жақындата түсу.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу