Қызылжарда жобасының аудандық іріктеу кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда жобасының аудандық іріктеу кезеңі аяқталды

14.06.2018

Қызылжарда «Мен қазақпын» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық мега жобасының аудандық іріктеу кезеңі аяқталды. 21-мамырдан бастап, теріскейлік «Qyzyljar» телеарнасы ауыл-аймақты аралап, көптің көңілінен шығып, ұлттық өнерді өрге сүйреген халықаралық жоба аясында ауыл жастарының арасынан өнерлісін таңдады. Қызылжар, Жамбыл, Айыртау және Уәлиханов аудандарында өткен сайысқа 13 ауданнан 50-ге тарта үміткер қатысты. Солардың 24-і облыстық байқауға жолдама алды. Ал, келесі облыстық кезең 20-маусымға белгіленіп отыр. 

Ерлан Тоқшылық, «Qyzyljar» телеарнасы директоры:

- СҚО-ның 13 ауданына да арнайы  түсіруге бардық. Қазылар алқасы да бірге жүріп отырды. Биылғы жылдың ерекшелігі, былтыр «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы өздері өткізсе, биыл біз қазылар алқасын жергілікті жерден тағайындап, осы кісілер өз көздерімен барып, балалардың бабын таңдап, ертеңгі күні сол жеңімпазды өздері апарып, біздің өңір жақсы бір нәтиже көрсетеді деген үміттеміз.

Хабарламаларға жазылу