Бүгін – Қадір түні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қадір түні

11.06.2018

Бүгін, яғни маусымның 11-нен 12-сіне қараған түн – Қадір түні. Бұл Оразаның соңғы он күнінің бірінде аталып өтетін мың айдан да қайырлы түн. Себебі, бұл түні Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Жалпы,  «Қадір» сөзі «абырой, ұлылық, орасан зор» мағынасын береді. Қадір түні – ұлық және аса қасиетті кеш болып саналады. 

Сондай-ақ, «Қадір» сөзі «сығылысу, нығыздалу» мағынасын береді. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскенде жер жүзі тарлық етіп, олар сыймағандықтан, бір-біріне сығылысады екен. Қадір түні - тағдыр түні. Сол себепті, Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалмай, таң рауандаған шаққа дейін жансебіл рухта Хаққа құлшылық қылған ләзім. Құран оқып, ғибадат жасап, уағыздар тыңдап, лебіздер легін сауапты істермен сабақтаған игі.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу