Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша көш басында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражатының игерілмеуі бойынша көш басында тұр

11.06.2018

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында 2017 жылғы бюджеттің атқарылуы талқыланды. Ведомствоның игермеген қаражаты 4 млрд. 146 млн. теңгеден асады. Салаға жауапты министрдің айтар өз уәжі бар. Елжан Біртанов «30 науқасты емдеу аяқталмаған соң 623 млн. теңге шетелде емдеу бағдарламасы бойынша игерілмеді. Себебі, науқастарды шетелге жыл аяғында жібергенде, шетелдік клиникаларға төлем емдеу біткеннен кейін ғана жіберіледі. 287 млн. ақша республикалық санитарлық авиация бойынша үнемдеу болды», - деді.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу