Қарағанды облысы Астананың 20 жылдығына орай қола ескерткіш сыйға тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы Астананың 20 жылдығына орай қола ескерткіш сыйға тартпақ

08.06.2018

Қарағанды облысы Астананың 20 жылдығына орай ұзындығы 14 метрлік қола монумент сыйға тартпақ. Ескерткіш қазақ халқының кеңпейілдігін, қонақжайлылығын бейнелейді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында өңір басшысы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жобалар туралы да айтты. Бүгінде өңірде құны 13 миллиард теңгеге 450-ден астам жоба іске асырылып жатыр. Аймақта соңғы бір жылда 76 әлеуметтік нысан салынып, жөндеуден өткен. Ұлытаудың сакралды орындарына жол салу жұмыстары жүріп жатыр.  Сондай-ақ, Алаша хан, Жошы хан кесенелері мен «Хан ордасы» сияқты тарихи орындарға апаратын ұзындығы 100 шақырым жол жөнделіп жатыр. Президенттің «Туған жер» бастамасын да халық нық сеніммен қабылдаған.  

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Біздің өңірден шыққан белгілі кәсіпкерлер мен меценаттар туған жерін дамытуға өздерінің үлкен қолдауын көрсетіп келе жатыр. Солардың көмегімен бір жылдың ішінде 76 әлеуметтік нысан салынды және жөндеуден өткізілді. Зәулім сарайлар немесе Қарағандының орталығынан үлкен үйлер салып, рухани жаңғырмаймыз. Халқымыз азаматтардың осындай істерімен рухани жаңғырады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу