Депутаттар солтүстіктегі денсаулық сақтау нысандарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар солтүстіктегі денсаулық сақтау нысандарын аралады

08.06.2018

Петропавлда Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласының өкілдері бас қосты. Жиынға Сенат дупутаттары қатысып, агросаладағы мәселелермен танысты. Жиында шаруалар берілетін несиенің мерзімін ұзартып, пайызын біршама азайтса деген ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, Мәжілістің бір топ депутаттары облыс орталығындағы денсаулық сақтау нысандарын аралады. Халық қалаулылары перинаталдық орталық, кардиологиялық орталық және жұқпалы аурулар ауруханасында болып, жұмыс барысымен танысты.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елімізде қазір менингит ауруы өзекті болып тұрғаннан кейін осында келіп тұрып, қалай кірмейміз. Бұл өңірде әрине, менингит бойынша проблема жоқ. Бірақ, сонда да қандай ауру, инфекциялар барын білуге барып қайттық. Біз депутаттар өзіміздің жоспарлы түрдегі «Нұр Отан» партиясының Денсаулық сақтау комиссиясының отырысына келіп отырмыз.

 

Самат САПАРАЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу