Түркістанның аумағы үш есе ұлғаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанның аумағы үш есе ұлғаяды

06.06.2018

Түркі әлемінің мәдениеті және руханиятының ордасы болған Түркістан шаһары енді Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы ретінде еркеше қарқынмен дамиды. Сәулетшілер әзірлеген жұмыс нұсқаларының бірін негізге алсақ, қала аумағы 2-3 есеге дейін ұлғаятын болады. Ал, тұрғындар саны келешекте 600 мыңға дейін өспек. Қазір мұнда 161 мың адам өмір сүреді. Облыс сәулетшілерінің жасаған жобасы бойынша Түркістан алдағы бес жылда екі кезеңмен дамиды. Алғашында Түркістанның оңтүстік-шығысынан әкімшілік-іскерлік орталық бой көтереді. Мұнда атқарушы билік құрылымдарымен қоса, құқық қорғау мекемелерінің ғимараттары, тұрғын үй кешені, бизнес орталықтары салынады. Сондай-ақ, 4 мектеп пен 8 балабақша тұрғызылады. Ғимараттар негізінен шығыс үлгісінде бой көтереді. Қаланың дамуына байланысты әзірге осындай 2-3 сәулеттік нұқса әзірленуде. Оны жасауға облыс сулетшілерімен қоса, республикадағы мамандар да өз жобаларын ұсынып жатыр. Жалпы, Түркістанның түлеуі экономикалық-әлеуметтік тиімділігімен қатар, санада сілкініс оятып, рухани тұрғыдан жаңғыруға да негіз болмақ.  

Еркін Жүсіп, облыстың Бас сәулетшісі:

- Облыс орталығы болған жағдайда бұл 400-500 мың халыққа есептелетін қала болады. Сондықтан, шаһар аумағы 35 мың гектарға үлкейеді. Бас жоспарға өзгеріс енгізіледі. Қазір біз алдын ала жұмыстарды дайындап қойдық. Бас жоспар жыл соңында жасалып бітеді.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу