Оралда көлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін арнаулы орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда көлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін арнаулы орталық ашылды

01.06.2018

Көлік иелері енді небәрі 90 минуттың ішінде темір тұлпарын тіркеп, 2 сағатта жүргізуші куәлігін алады. Сондай-ақ, салық пен айыппұлдарын төлеп, тиісті емтихан да тапсырады. Ғимараттың жалпы аумағы - 2500 шаршы метр. Болашақта бұл аумақта жанар-жағармай бекеті, «А» классті жүк сақтау қоймалары, авто-мотодром, және азық-түлік базары салынады. «Жоба өңірге пайда әкеліп қана қоймай, көлік логистикалық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді . 

Мұрат Жұманбай, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының департамент директоры:

- Батыс Қазақстан облысында 200 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Жылдан-жылға олардың саны көбейіп отыр. Ауылдық жердегі тұрғындар да қызметтерді осы жерден алатын болады.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу