Будапештте роботтар қызмет көрсететін дәмхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Будапештте роботтар қызмет көрсететін дәмхана ашылды

30.01.2019

Венгрия астанасы Будапештте роботтар қызмет көрсететін дәмхана ашылды. Онда механикалық адамдар тағам мен сусын тасып қана қоймай, қонақтармен әзілдесіп, балалармен билеп, кейбір клиенттермен әңгімелесіп тұрып қалады екен.

Автоматтандыру мен жасанды интеллект дәуірі туғанда адамдарға жұмыс қалмайды деген қорқыныш күшейіп келе жатса да, бұл дәмханада ешкім жұмыстан қысқармаған. Керісінше, мекеме қожайыны сол роботтардың қызметін тоқтатпау үшін ақпараттық технология мамандарының қатарын екі есеге көбейтетінін айтып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу