Саяси қуған-сүргін құрбандарын Жамбыл жұртшылығы да еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси қуған-сүргін құрбандарын Жамбыл жұртшылығы да еске алды

31.05.2018

Бүкіл бір дәуірді зауалымен шарпыған Сталиндік зұлматтың құрбандарын Жамбыл жұртшылығы да еске алды. Тар жол тайғақ кешкен 100 мыңнан аса жерлесіміз абақтыға жабылды, Сібірге айдалды. Солақай саясаттың құрбаны болып, жазықсыз жазаланған бабаларды азаттық ауасымен тыныстаған бүгінгі ұрпақ құрметпен еске алды. Ескерткіштерін гүл шоғымен көмкеріп, бір минуттық үнсіздік жариялады. Тәуелсіздік лебімен сол кезде «халық жауы» деген қаралы атқа іліккендердің көбі ақталды. Алайда, қазақ тарихында таңба боп қалған зұлматтың құрбандарын  кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтайды. 

Мақұлбек Рысдәулет, жазушы:

- Жамбыл облысы бойынша 5 мыңдай адам жазықсыз жазаланған. Соның 2 мыңдайының тізімін  анықтап, кітап қылып шығардық. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын анықтау, оларға құрмет көрсету алдағы уақытта да күн сайын жүзеге асырылуы керек. Біз сонда ғана тарихымызға табынып, содан тағылым аламыз.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу