Қарағанды облысының Ақтүбек ауылында ботаникалық бақ ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Ақтүбек ауылында ботаникалық бақ ашылды

29.05.2018

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында мектеп жанынан ботаникалық бақ ашылды. Оның жалпы көлемі 600 шаршы метр. Әзірге мұнда 200-ден астам емдік шөптердің түрі мен 43 түп жеміс ағаштары өсірілуде. «Бұл оқушыларды бос уақытын тиімді пайдалануға және қоршаған ортаға қамқорлығын арттыруға баулиды»,-дейді игі істі ұйымдастырушылар.

Ізтілеу Түсіпов, ұйымдастырушылар тобының мүшесі:

- «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы бізге үлкен серпін берді. Теңіз тамшыдан құралады. Осы саябақтың бастау алуына қолдау жасадық.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу