Қарағанды облысында бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асуын қадағалайтын қоғамдық кеңес құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асуын қадағалайтын қоғамдық кеңес құрылды

28.05.2018

Құрылым бес әлеуметтік бастаманың сапалы жүзеге асуын қадағалайды. Кеңес мүшелері қолға алынатын жұмыстардың парқы мен нарқын бағамдады. Ал келер жылы аймақта 3 ірі газ таратушы станцияның құрылысы қарқын алмақ. Кенді өлке бойынша 800 шақырымнан астам газқұбыры салынады деп жоспарланып отыр.

Нәтижесінде өндірісті өңірдің 6  қаласы мен 120 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Жобаның қарағандылықтар үшін де маңызы зор. Мәселен, экологияның жақсаруына септігін тигізеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік бастама шеңберінде  аймақта 4 жаңа жатақхана бой көтереді. Жалпы, Қарағанды облысындағы 85 мыңға жуық студенттің 3 мыңнан астамы жатақханаға мұқтаж.

Бекзат Алтынбеков, облыстық мәслихаттың депутаты:

- Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттен бюджет бөлініп жатыр. Оның сапалы, жүйелі әрі дұрыс жұмыс жасауы үшін жан-жақты бақылауда болуы керек деп есептейміз. Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде біз мойнымызға жаңа міндеттер алып отырмыз. Кеңес алдағы уақытта өзінің жұмысын жақсы деңгейде көрсетеді деп ойлаймын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу