М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Көркем мәтінді зерттеудің теориясы мен тәжірибесі» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Көркем мәтінді зерттеудің теориясы мен тәжірибесі» атты конференция өтті

28.05.2018

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  тарихшы, әдебиеттанушы, филолог, Серік Негимовтың қатысуымен «Көркем мәтінді зерттеудің теориясы мен тәжірибесі» атты конференция өтті. Шараға ғалымның оқушылары мен үзеңгілес  әріптестері қатысты.  Филология ғылымдарының докторы Серік Негимов түрік мәдениетін зерттеуге  үлкен үлес қосты. Ғалым түрік әдебиетін көне замандардан бүгінгі уақытқа дейін зерттеп келеді. Ол - халық ауыз әдебиетін тарихи оқиғалармен байланыстырғандардың бірі. 

Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, ҚР Білім беру ісінің үздігі:

-СҚО-ның перзенті 35 жасында көлік апатынан қайтыс болған Айқын Нұрқатовтың 5 томдығын, Алаштың азаматы, М.Дулатовтың, Н.Құлжановалардың томын шығардым. Менің шығармашылығым жайлы баяндамалар болмақшы. Сондықтан, алдымен осы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымына шексіз рахмет айтамын.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу