«Өмірлік таңдау». Осындай атаумен елімізде республикалық жоба жүзеге асты. Оның мақсаты - жұмысшы мамандықтарды дәріптеу. Бес өңірді қамтыған жобаның нәтижелері форум барысында айтылды, талқыланды. Ұйымдастырушылардың есебінше, шараға жалпы 31 мың оқушы және 5 мың ата-ана қатысқан. Оларға 300-ге тарта мұғалім-психологтар келелі кеңес пен ұтымды ұсыныстарын айтқан.
Әсіресе, бүгінгі нарықта экономистер мен заңгерлерге емес, жұмысшы мамандықтарына сұраныс көп екендігін түсіндірген. Жоба шеңберінде әр өңірде мамандықты дұрыс таңдауға, кәсібилікті шыңдауға бағытталған семинар, тренингтер өткізіліпті. Ал, Астанадағы форум үлкен жобаның жемісі.
Лима Диас, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры, ресми өкілі:
- Жан-жақтан мұғалімдер келіп, осы форумға қатысып жатыр. Жобадағы негізгі мақсат - техникалық мамандықтар туралы барынша пайдалы ақпар беру, түсіндіру, насихаттау болып табылады.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.