Одаққа ортақ түйіндер қарастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Одаққа ортақ түйіндер қарастырылды

22.05.2018

«Еуразиялық одаққа ортақ түйіндерді бірлесе тарқату үшін бас қосып отырмыз». Елордада Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ қызмет нарығын құру мәселесіне арналған жұмыс тобының 1-ші отырысында осы ой айтылды. Ортақ нарық аясында экономиканың 43 секторында өзара түсіністік орнаған. Бұдан бөлек, ведомство аралық әкімшілік байланыстарды бір ізге қою жолдары да талқыға түсті. Басқосуға одаққа мүше мемлекеттерден өкілдер тікелей желі арқылы қосылып, өз ойларын білдірді. 

Тимур Жақсылықов, «ЕАЭО» Экономика және қаржы саясаты министрі-коллегия мүшесі:

- Біз барлық проблемаларды шешпейміз. Ондай мақсатты көздеп отырған жоқпыз. Негізгі мақсатымыз - одаққа мүше елдердің ортақ нарыққа тең мөлшерде қатысуына жағдай жасау.  

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу