Оралда лифт шахтасы өртеніп, 2 адам жапа шекті

16.05.2018

Оралда лифт шахтасы өртеніп, 2 адам ыстан уланып қалды. Оқиға кеше кешкісін 9 қабатты үйде болды. 15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт бірінші қабаттан шыққан. Қоқыс жанып, от содан тұтанған болуы мүмкін. Қызыл жалынның құрсауынан 5 адам құтқарылып, тағы  50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Негізі жеделсатының өзі 18 жылдан бері істемей тұр. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай осымен үшінші рет қайталанып отыр. Қазір өрттің нақты шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Ақтолқын Оралова, қала тұрғыны:

- Бірінші түтін шықты, сосын өрт басталды. Кішкентай балалар бар, біреулер ұйықтап жатыр. Қорқынышты жағдай.

Назерке ТОҚЖАН

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу