Астанада жалған дәрігерлік анықтаманың түр-түрін жасап жүрген қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жалған дәрігерлік анықтаманың түр-түрін жасап жүрген қылмыстық топ ұсталды

15.05.2018

Астанада медициналық құжаттарды қолдан жасаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жетекшісі хабарлады. Агентіктің хабарлауынша, қылмыстық топтың құрамында 6 адам болған.

Олар жоғары сапалы компьютерлік теxниканы қолданып келген. Олардан 086 үлгісіндегі медициналық анықтаманың 200-ден астам бланкілері, 190-ға жуық санитарлық кітапша, 80-нен астам мөрлер тәркіленген. Қазір бұл азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, Астана емханалары жылына 25 млн. теңгеден аса соманы жоғалтқан.

Елдос САПАРҒАЛИ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу