Жел және Күн станциялары көбеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жел және Күн станциялары көбеймек

15.05.2018

Көктемгі халықаралық аукциондық сауда-саттықта Энергетика министрлігі инвесторларға 250 мегаваттық Жел станциясын, сондай-ақ, 150 мегаваттық Күн сәулесінен қуат алатын паркті ұсынбақ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова хабарлады. Көктемгі аукциондық серия 23-ші мамырдан 7-ші маусымға дейін жалғаспақ. Онлайн түрде өтетін сатылымға отандық әрі шетелдік ірі компаниялар қатысады. Келісімшарт бойынша сауданы жеңіп шыққан компания 15 жыл бойы белгіленген бағада энергия көзін беруі тиіс.

Айнұр Соспанова, ҚР Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия департаментінің директоры:

- Аукционға қатысу үшін қажетті құжаттарды реттеу маңызды. Жалпы, құжаттарды реттеу барысы онлайн жүйеде жасалады. Осы сауда арқылы біз Жел станцияларының құрылысы және қызмет құны туралы құнды ақпарат аламыз.

Елдос САПАРҒАЛИ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу