Шетелдік тікұшақтар Астанада жөндеуден өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік тікұшақтар Астанада жөндеуден өтуде

14.05.2018

Ресей, Украина және  Моңғолияның тікұшақтары Астанада жөндеуден өтуде. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Оның мәліметінше, жеті жыл бұрын құрылған «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» экспортқа шықты. Яғни, еврокоптер санатындағы барлық тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету құқығы беріліпті. Үкімет сағатында белгілі болған тағы бір жаңалық, елімізде Ми-8 тікұшақтары құрастырыла бастайды. Қазіргі таңда Қазақстанда 70-ке жуық әскери өнеркәсіп орнында 9 мың адам жұмыс істеп жатыр. Депутаттардың айтуынша, әскери техниканы жабдықтау жұмыстарын жетілдіру керек.

Индира БЕГАЙДАР

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу