Елордада салық органдары рейд ұйымдастыруда

27.04.2018

Астаналықтар ойда-жоқта көліктерінен айырылып қалып жатыр. Кінәлі көлік иелерінің өздері. Олар уақытылы салық төлемеген. Жекеменшік сот орындаушылары, салық және полиция қызметкерлері бірлесіп, арнайы рейд өткізіп жатыр. Әсіресе, қозғалтқыш көлемі үлкен, жол талғамайтын көлік иелерінің мемлекетке қарызы көп. Мәселен, елордадағы Алматы бойынша ғана 4 мыңға жуық салық төлеуші 120 млн. теңге берешек екен. Төлемді мерзімінен кешіктірген тұрғындардың алдымен банктердегі шоттары бұғатталып, шетелге шығу құқығынан айырылады. Қарызы жабылмаған жағдайда көліктерін тәркілейді. 

Қайрат Тұрлыбеков, Астана қаласы Алматы ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

- 60 көлікті осындай айып тұрағына қойып, салықтарын төлеттірдік. Алдағы уақытта да ай сайын осы жұмыстар атқарылады. Ірі көлемдегі автокөліктердің бәрі салықтарын төлегенше біз жұмысты атқарып отырамыз. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу