Мектеп мұражайларында мәселе көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп мұражайларында мәселе көп

18.04.2018

Мектеп мұражайын ұйымдастырып, қоғамдық негізде жұмыс істейтін қызметкерге жалақы төленуі керек. «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген ардагер ұстаз осындай ұсыныс айтты. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын нақты іске асыруға серпіліс жасар еді. Шымкентте мектеп мұражайларының І республикалық форумын өткізу жайлы да ұсыныс айтылды. Бұдан өзге Білім және ғылым министрінің қабылдауына жазылған 11 адам мұғалімдердің айлығына қосылатын жаңа төлемақы, мектептегі сыбайлас жемқорлық деректері, орынсыз қызметтен қуылу секілді жеке сұрақтарымен жүгінді.

Артықбай Үсембай, ардагер ұстаз:

- Мектеп мұражайларында қазір мәселе өте көп. Көп жұмыс істеуге болады. Қазақстанда мектеп мұражайларында меңгеруші деген штат жоқ. Сондықтан, ол ұстаздарға қоғамдық негізде бекітіліп қойған. Бұл жұмыстың жақсы жүруіне серпіліс бермей жатыр.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу