Туризм саласында шешілмеген мәселе көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризм саласында шешілмеген мәселе көп

06.12.2017

Алматыда туристерге жол көрсететін гидтер тәрбиелейтін мектеп ашу керек. Бүгін қоғамдық тыңдау өткізген мамандар осындай ұсыныс айтты. Олардың сөзінше, алып шаһар қысқы туризм бойынша елімізде емес, Орта Азияда көш басында екендігі анық. Себебі, жыл сайын мегаполиске арнайы келетін шетелдік саяхатшылардың легі көп. Бірақ, қаланың әсем табиғаты пен тарихи орындарын және көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, таныстырып, жол көрсететін гидтер жетіспейді. Ал, кейбір қонақ үйлер мен демалыс аймақтарында инфраструктура мәселесі әлі де ақсап тұр.

Бекнұр Қисықов, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

- Алматы туризмге дайын. Әкімдік көп жұмыс істеп жатыр. Біздің өзіміз дайынбыз ба туризмге? Мысалы, көшеде автобус былай жүреді, мына пойыз былай жүреді деген сияқты ақпарат бар ма?!

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу