Волгоградта Сталинградты жаудан азат етуге қатысқан қазақ жауынгерлеріне ескерткіш ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волгоградта Сталинградты жаудан азат етуге қатысқан қазақ жауынгерлеріне ескерткіш ашылады

17.04.2018

Астанадағы Бауыржан Момышұлы ескерткіші орналасқан алаңның топырағы Ресейдің Волгоград қаласына жөнелтілді. Бүгін туған жер топырағын арнайы капсулаға салу рәсімі өтті. Капсула алдымен Алматыға, ал, 27-сәуір күні Волгоградтағы «Мамаев қорғаны» мемориалдық кешеніне жеткізеледі. Себебі, аталған кешенде Сталинградты жаудан азат етуге қатысқан қазақ жауынгерлеріне арналып, ескерткіш ашылады. «Бұл туған елден бір уыс топырақ бұйырмаған батыр бабалардың рухына қазақстандықтардың құрметі», - дейді, шараға қатысушылар.

Өмірзақ Болсамбеков, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы:

- Сталинград шайқасы 1942 жылғы шілде айынан 2-ақпанға дейін болды. Аталған шайқасқа 30 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Онда жасаған ерліктері үшін біздің бабаларымыз Кеңес одағының батыры атағына ие болған.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу