«ЭКСПО» аумағынан ІТ университет бой көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» аумағынан ІТ университет бой көтереді

16.04.2018

Заман талабына сай технологиялық білім беретін оқу ордасы цифрлық экономиканы көтеруге үлес қосатын болады. Ғимарат былтырғы көрме павильондарын қайта құрастыру арқылы қолданысқа өтпек. Бұдан басқа, Астана халықаралық қаржы орталығы және оның құрылымдық бөлімшелері орналасады. Тағы «жасыл» технологиялар орталығы мен «Астана хаб» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі де салынады. Соңғы нысан биыл шілдеде, қалғаны желтоқсан айында ашылады, - деп күтілуде. Қайта құрастыру жұмыстарынан кейін ғимараттардың ауданы біршама кеңейтіледі. Ал, «Нұр Әлем» алып шары музей ретінде қызмет етіп тұр. 

Владимир Лютов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

Жалпы, «ЭКСПО»-ны жобалау алдында көрме өткеннен кейін ғимараттардың қаңырап бос қалмауын ескергенбіз. Яғни, іргетасы, конструкциясы, төбесі әдейі қайта құрастыруға лайықталып салынды. Енді міне, баспалдақтар мен бірнеше қабаттар қосуды жоспарлап қойдық. Елбасы көрме павильондарының жоғарыда атап өткен тұжырымдамасымен танысып, мақұлдады. Жаңа ғимараттардың 1 шаршы метрі 6000 теңгенің үстінде жалға беріледі.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу