Елордада кәсіпкерлер мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада кәсіпкерлер мәселесі талқыланды

16.04.2018

Әлем елдері қолданатын «үлкен мәліметтер» жүйесі Астананың бизнес саласына аса қажет. Бұл туралы елордада өткен кәсіпкерлер конференциясында айтылды. Жаңа бастама іс бастағысы келетіндерге бас қаланың қай ауданында қандай бизнесті дамыту қолайлы екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, елорданың қызмет көрсету сапасы төмен жерлері де белгіленіп тұрады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнесмен осындай мәліметтер ала алады. Сонымен қатар, бүгінгі жиында кәсіпкерлердің құқығын қорғау, олардың жұмысын одан әрі жандандыру сияқты мәселелер көтерілді. Айта кету керек, елордада осы күнге дейін 100 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысандары тіркеліп, онда жұмыс істейтіндердің саны 325 мыңнан асқан.

Хабарламаларға жазылу