Таиландта 22 миллион долларлық есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландта 22 миллион долларлық есірткі тәркіленді

04.04.2018

Таиланд полициясы құны 22 миллион долларлық салмағы 700 келі болатын метамфетаминді тәркіледі. Арнайы операция елдің оңтүстігіндегі Чумпхон провинциясында наурыздың 28-і мен сәуірдің 1-і аралығында өткізілген. Тергеушілердің пікірінше, есірткі зат Малайзияға жөнелтілуі тиіс еді. Осы іске қатысты 11адам қамауға алынған. Олардың екеуі шетелдіктер.

Соңғы кездері Таиландта есірткі саудасымен байланысты қылмыстар көбейіп кетті. Оған себеп – осындай құқық бұзушылық үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының жойылуы. Жаңа заң бойынша мұндай қылмыс жасаған адамға ең көбі 10 жыл беріледі екен.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу