Шығыс Қазақстан облысында 9 ауылды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 9 ауылды су басты

02.04.2018

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Мұнда 9 ауыл мен аудан орталығындағы жер үйлер, аулаларды су алған. Аумақта 11 эвакуациялау бекеті құрылды. Мұнда Зубовск, Соловьево, Тұрғысын, Малеев ауылдарынан 700-ден аса адам көшірілді. Қариялар мен мүгедектер оңалту орталығына жайғастырылып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Зырян ауданында 300-ден астам үй суда қалды. Бұқтырма өзеніндегі мұздың еруі бақылануда. Мамандар сең жүргенде мұздың ойысуы мүмкін деген учаскелерді анықтады. Бұл жерлерде мұз жару жұмыстары басталып кетті. Ал аудандағы құтқару жұмыстарына барлығы 500 адам қатысуда.

Мұқан Төлебаев, Соловьево ауылының әкімі:

- Барлық қажетті жабдықтар жеткізілді. Тұрғын үйлерге су кірмеуін қадағаладық. Алайда, қатты екпінмен келген су жағдайды күрделендірді. Біздің мақсатымыз - адам шығынының алдын алу. Әлі де үйлерін тастап кеткісі келмеген адамдар бар. Олармен байланыстамыз.

Хабарламаларға жазылу