![Жанар-жағармай бағасы көтерілмейді](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/3/15/1647322611656.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Жобада мыналар көзделген:
- өндірушілердің бензинді, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспалары мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту;
- өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасы үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;
- дизель отынына акциздердің маусымдық өзгеруін болдырмау;
- дизель отынының импортына акциздердің тең мөлшерлемесін белгілеу;
- дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі жанар-жағармайды бөлшек саудада өткізуге шекті бағаны белгіледі, сондықтан жанар-жағармай бағасы көтерілмейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанар-жағармай бағасы көтерілмейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/154481/)