Кемероводағы қазалы қайғыға қазақстандықтар да ортақ

28.03.2018

Кеше отандастарымыз елордадағы Ресей елшілігінің маңына жиналып, жазатайым опат болған құрбандарды еске алды. Тілекші боп келген тұрғындардың санында шек жоқ. Келушілер кіреберіске гүл шоқтарын қойып, шырақ жағып, әуеге шарлар ұшырды. Мұндай еске алу шарасы елімізде екі күннен бері өтіп жатыр.

Қаралы хабар өзге аймақтардың да халқын бейжай қалдырмады. Павлодар, Қостанай өңірлерінде де тұрғындар бақилық болғандардың рухына тағзым етті. Үлкендер ғана емес, алаңға жиналған балғындардың да жанарлары мұңға толған. Жерлестеріміз еріксіз көздеріне жас алып, енді мұндай жағдайдың қайталанбауын тіледі.

Наталья Каракулько, қала тұрғыны:

- Барлық қазақстандықтардың атынан қайғыға ортақ екенімізді жеткізгіміз келеді. Мұндай қазаны енді ешкімнің басына бермесін. Бәріміздің отбасымыз, бүлдіршіндеріміз бар. Олар біздің басты құндылығымыз. Балаларымызға қамқор болайық. Сақтанайықшы. Қауіпсіздікті ескерейік.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу