Еуропалықтар қайғыға ортақтасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалықтар қайғыға ортақтасты

12.06.2023

Барлық шет мемлекеттердегі Қазақстан елшіліктерінің ғимараттарында мемлекеттік ту түсірілді. «Еңсені езген ауыр, зілді, азалы күн енді қайталанбасын, көк туымыз ешқашан төмен түспесін», - деп тілейді Бельгиядағы қазақстандықтар. Елшілікте көңіл айту кітабы ашылған. Еуропалық дипломаттар, саясаткерлер сол кітап арқылы қазақстандықтармен бірге екенін жеткізуде. Көк тудың төмен түскенін көрген бельгиялықтар, еуропалықтар Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне келіп, қайғыға ортақ екендерін білдіріп жатыр.

Альберто Тюркстра, Брюссель қаласының тұрғыны:

Біз Абай облысындағы өрттен қаза тапқан 14 отбасының жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Алапат өрт климаттың өзгеруінің салдары. Еуропа, Орталық Азия елдері болашақта өрттің алдын алу, осындай қайғылы оқиғаны болдырмау бойынша күш біріктіреді деген сенімдемін.

Барбара Дитрих, Брюссель қаласының тұрғыны:

Мен Қазақстандағы отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Бұл ауыр қасірет. Апаттың кесірінен балалар әкесінен, жары күйеуінен, ата-анасы баласынан айырылды. Жаңалықтан естіп, елшілікке көңілімді білдіруге келдім. Біз Сіздермен біргеміз. Бекем болыңыздар!


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу