Қызылорда облысының әкімі спортшыларға құрмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының әкімі спортшыларға құрмет көрсетті

03.12.2015
Қызылорда облысының  әкімі  спортшыларға   құрмет көрсетті
Қызылорда облысының  әкімі  спортшыларға   құрмет көрсетті

Қызылорда облысының әкімі ҚырымбекКөшербаев ауыр атлеттер Александр Зайчиков пен Алмас Өтешовты қабылдап, құрмет көрсетті. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Кездесуде Қырымбек Көшербаев АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеңімпаз болған Александар Зайчиковке үш бөлмелі пәтер кілті мен 2 млн. теңгенің сертификатын, ал сол жарыста күміс жмедаль алған Алмас Өтешовке 1,5 млн. теңгенің сертификатын табыс еткен. Сонымен қатар, әкім облыстың спорт саласында қол жеткізген табыстарын айтып, спортшыларға табыс та тіледі.

Қырымбек Елеуұлының сөзіне қарағанда тек 2015 жылдың өзінде қызылордалық спортшылар ел чемпионаттарында 461 жүлдені иеленсе, Әлем, Азия біріншіліктерінде 40 жүлде алған. «Өздеріңіз білесіздер, шет мемлекеттерде тек екі жағдайда біздің Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Бірі - Елбасы сол елге барған кезде, екіншісі - спортшымыз жеңіске жеткен сәтте. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында мерейімізді асқақтатқан қос қыранымызға алдағы үлкен додада сәттілік тілеп, тіл-көзден аман болыңыздар», - деді облыс әкімі ҚырымбекКөшербаев.

Естеріңізге сала кетсек, ауыр атлетикадан АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен әлем чемпионатында 94 келіде Алмас Өтешов күміс медаль алса, 105 келіде Александр Зайчиков чемпион атанды. Қос спортшы да Қызылорда облысының тұрғындары.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу