«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі жұмысын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі жұмысын қорытындылады

20.03.2018

Мәліметтеріне қарағанда, былтыр сайт қызметін пайдаланушылар саны 21 пайызға артқан. Әлемнің 227 елінде оқырмандары бар. Жаңалықтар қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде таратылады. Бірнеше шетелдік компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Агенттік алдағы уақытта ағылшын және қытай тілдеріндегі жұмысын жандандыра түспек. Бұған, шетелдердің, әсіресе, Еуропа елдерінің Қазақстан жаңалықтарына деген қызығушылығының артуы себеп. 

Асқар Омаров, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры:

- Елден де хабар келеді. Қазір «ҚазАқпараттың» контентін кеңейту жоспарлануда. Аудандардан тілшілер іздейміз. Тек қана облыстық орталықтардан ақпарат алмай, аудандардан да хабар таратамыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу