Бүгін Түркі академиясында ұлық мереке – Наурыз тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Түркі академиясында ұлық мереке – Наурыз тойланды

20.03.2018

Шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан елдерінің елшілері мен дипломаттары, сондай-ақ, халықаралық ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Жиында Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Наурыздың тарихи маңызына тоқталып, күллі түркі әлемін мерекемен құттықтады. Академия ұйымдастырған Наурыз тойында темір ұру рәсімі де жасалды. Осылайша, жаңа жыл мен жаңа бастаулар сүйіншіленді. Кеш барысында түркі республикаларының ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылып, қатысушыларға ұлттық аспапта ойналған музыка мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Әділ Ахметов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Әз-Наурыз басталар алдында бұл да көрісудің бір түрі. Негізінде, мейрам кейінірек басталады. Бірақ, басталып кетті. Президенттер бастады, міне, бүгін дипломаттар, ғалымдар қостап жатыр. Негізгі мақсат - басқосу, бір-бірімізге жақсы тілек айту, құтты болсын айту.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу