2020 жылға дейін еліміздегі барлық кітапхана қоры сандық жүйеге көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға дейін еліміздегі барлық кітапхана қоры сандық жүйеге көшеді

19.03.2018

Бұл туралы «Цифлық Қазақстан» тақырыбында конференция өткізген Ұлттық кітапхана өкілдері хабарлады. 2007 жылдан бері Қазақстанда  «Ұлттық электронды кітапхана» жобасы қолға алынған. Соның аясында 39000 кітап сандық жүйеге көшті. Биылғы Елбасы Жолдауына сәйкес, мәдени мұраны қолдау мақсатында барлық кітаптарды электронды жүйеге көшіру міндеті тұр. Бүгінде тек Ұлттық кітапхана қорының өзінде 1 жарым миллионнан астам туындының электронды нұсқасы жоқ. Сондықтан да осы саладағы мамандарды алдағы екі жылда үлгеру үшін қыруар жұмыстар күтіп тұр. Кейбір аймақтарда материалдық техника жетіспегендіктен, кітапханашылар ортақтаса жұмыс атқармақ.

Нұржан Жолдыбалиев, ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары:

- Ең біріншіден оқырмандар үйден шықпай-ақ кітаптармен танысуға болады. Тек қана Қазақстанда емес, әлемнің қай түкпірінде болмасын бұл кітаптарды ашып көруге болады. Онда тіркеу, авторизация жоқ. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу