Басты Жаңалықтар «Нұр Отан» партиясы биыл 100 партия белсендісін оқытады

«Нұр Отан» партиясы биыл 100 партия белсендісін оқытады

Бұл туралы бүгін партия жанындағы «Саяси менеджмент» академиясының өкілдері хабарлады. Президент тапсырмасына сай партия жұмысы қазір жан-жақты жаңғыртылуда. Соның аясында партиялық кадрларды қайта даярлау жұмысы қолға алынған. «Нұротандықтарды» оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншісі, басшылық қызметтердегілер үшін - саяси көшбасшылық бағдарламасы. Бұл бойынша биыл 40 адам оқытылады. Екіншісі, саяси партиялық менеджмент бағдарламасы. Бұл - орта деңгейдегі қызметкерлерге арналған курс. Бұл бағыт бойынша 60 адамды оқыту жоспарлануда. Үміткерлерді құжат қабылдау 26-наурызға дейін белгіленген.  Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бейнеөтініш жазып, заңнама бойынша тестілеуге қатысады. Сондай-ақ, логикалық және эмоциялық тестілеулеуден өтуі керек. Оқыту бағдарламасынан өткендер партияның кадрлық резервіне кіреді. 

Ақерке Абылайхан, «Нұр Отан»  партиясының Саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары:

- Тапсыратын құжаттар тізімі өте аз. Барлығы біздің академияның сайтында көрсетілген. 26-наурызға дейін қабылданады. Бағдарламаға қатысатын азаматтар өздерінің не үшін қатысатындықтарын міндетті түрде эссе түрінде және видео түрінде көрсетіп, құжаттарын тіркеу керек.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Бөлісу