Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы бес қабатты үйдің бір бөлігі құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы бес қабатты үйдің бір бөлігі құлады

01.03.2018

Оқыс оқиға түнгі 22:00-дар шамасында болған. Жедел ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ. Қазір құтқарушылар жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізінен бұл ескі жатақхана ғимараты. Сондықтан, мұндағы пәтерлерге баспанасы жоқ 46 отбасы уақытша тұрақ ретінде  қоныстанған. Ал, құлаған бөлікте оқиға болған сәтте ешкім тұрмаған. Қалада жедел штаб құрылып, тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Оқыс оқиға туралы нақты ақпарат алдағы уақытта айтылатын болады.

Асылбек Шәменов, қала әкімінің орынбасары:

- Жатақханада орналасқан 46 жанұяны эвакуациялау пунктіне орналастырдық. Олардың суын, тамағын қазір толыққанды қамтамасыз етіп, дәрі-дәрмек пен психологиялық көмектерді ұйымдастырып, қазір орналастырдық.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу