Елімізде жұмыспен қамтылғандардың 20%-ы орта білімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жұмыспен қамтылғандардың 20%-ы орта білімді

28.02.2018

Қазақстанда еңбекпен қамтылған азаматтардың 20 пайызы орта білімді. Жұмыспен қамтудың  осы және өзге де мәселелері мен даму алғышарттары Парламент Мәжілісінде талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысқандар еліміздегі жұмыссыздық мәселелері мен оны шешу жолдарын сөз етті. Депутаттардың пікірінше, еліміздегі еңбек ресурстарының сапасы нашар. Сондай-ақ, мемлекетте еңбек биржасы дұрыс қалыптаспаған. Бұдан өзге, арнайы оқыту курстарынан өткен азаматтардың еңбекке араласуы төмен. Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана. Жиынға қатысқан сарапшылар болса, еңбек нарығын реттеуге қатысты бірқатар пікірін білдірді.  

Эльдар Жұмағазиев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

- Биылғы индикатив екі есе көп. 30 мың адамды оқытып шығаруымыз керек. Кемінде 6 мың адамды қаржыландыру деңгейіне жеткізуіміз керек. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, оқығандардың 80 пайызы бизнес жобасын қорғап шығады. Бизнес жобасын қорғап шыққаннан кейін олар қаржылық көмекті күтеді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу