Павлодарда ең жүйрік иттер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ең жүйрік иттер анықталды

27.02.2018

Бұл жолы иелері иттерді шанаға жегіп жарыстырды. Тіпті, беліне арқан байлап төрт аяқты досына дем бере отырып шаңғымен жүйткігендер де болды. Жарысқа Алматы және Семей қалаларынан спортшылар келді. Cайысқа түскендердің арасында балалар да бар. Көпшілігі жүгіруге икемді асыл тұқымды иттерін алып келген. Ал, жарыс талабы бойынша иттердің шыққан тегі, тұқымы маңызды емес. Ең бастысы, көсем жегілген иттер жүйрік екенін дәлелдеуі керек. Бұл жолы олар үш түрлі қашықтық бойынша сыналды. Межені алдымен Сібір хаскилері бағындырды.

Валентина Павлухина, жарыстың ұйымдастырушысы:

- Біз алдымен иттердің денсаулығын мұқият тексереміз. Себебі, қатты салмақ түсетін болса, зорығып кетуі мүмкін. Елімізде ит жарыстыру спорты енді қолға алынып жатыр. Бірақ, осыған қызығушылық өте керемет. Әсіресе, Павлодар облысы жүйрік иттерді анықтауда ерекше белсенді.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу