Павлодарда иттер жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда иттер жарысы өтті

05.01.2014
Павлодарда иттер  жарысы өтті
 
 
Павлодарда иттер жарысы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жарысқа Астана, Семей, Ақсу, Екібастұз, Павлодар және Омск қалаларынан шанаға жегілетін иттердің 30-дан астам түрін жинаған.
 
«Мұндай жарыс Павлодарда алғаш рет ұйымдастырылуда.  Ауа райының суықтығына қарамай, көрермендер  өте көп жиналды. Алдағы уақытта осындай шара тұрақты түрде өткізіледі деп үміттенеміз», - дейді ұйымдастырушылар.
 
Бағдарламада тек ит шанамен жарысу ғана емес, сондай-ақ  иттердің иелерімен жүгіруі сияқты бәсеке де болды. 

Сайыстың ең жас қатысушысы – 4 айлық  Дези атты күшік.  Ол жарысқа иесімен жүгіру түрі бойынша  қатысты. Ал ең жас қожайын  - 4 жасар Саша Малуда. 

Иттерге  медаль және жылы-жұмсақ тамақ, ал олардың иелеріне сыйлықтар берілді.

Хабарламаларға жазылу