Еңбек қатынастарын реттейтін бас келісім бекіді

31.01.2018

Бүгін Үкімет үйінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары жөніндегі бас келісімге қол қойылды. Комиссия жұмысына Кәсіподақтар федерациясының, Қазақстан Еңбек конфедерациясының, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының басшылары, сондай-ақ, селектор режимінде облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 2018-2020 жылдарға арналған бас келісім экономиканы технологиялық жаңғырту, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, халықты формалды және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адами капитал сапасын, еңбек жағдайлары мен қорғауды жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін реттеу де назардан тыс қалмайды. 

Бақытжан  Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Адами капиталды дамыту жөніне ерекше көңіл бөліп жатқанымыз, біз оларды дамытпай, жаңа кәсіптерге үйретпей жаңа бағыттарға шыға алмаймыз. 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу