«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – саяси антология - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – саяси антология

23.01.2018

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабында баяндалған құндылықтар жадымызда сақталып, рухани әрі жаңғыру жолындағы темірқазыққа айналуы тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары республикалық қауымдастығының кеңейтілген отырысында сондай ой айтылды. Жиынға қатысқан сарапшылар, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер іргелі еңбекті – «саяси антология» деп бағалады. Ал, Елбасыны жады мықты жылнамашыға балады. Себебі, кітапта егемендік жылдары еңсерген елеулі оқиғалар түгел ескеріліп, тарихи деректер дәйектеліп берілген. «Бұл туындының артықшылығы - боямасыз жазылғандығында»,-дейді мамандар. 

Айгүл Сәдуақасова, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы:

- Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған еңбек. Мұны біз бір іс-қимылмен немесе бүгінгі шарамен ғана шектей алмаймыз. Бұл біздің қоғамда сатыдан-сатыға көшкен кезде белгілі болады.

Хабарламаларға жазылу